Logo
Іздеу
Айдарлар

Автосалон аферасы: Атыраудағы ондаған тұрғын көлігінен айырылып қалды

/
Автосалон аферасы: Атыраудағы ондаған тұрғын көлігінен айырылып қалды
Сурет: pexels

Атыраудағы «Абырой Авто» автосалоны қолданылған көліктерді сату ісінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алданған онға жуық клиент полицияға арыз түсірген.

Бір жылдан сәл ғана астам уақыт бұрын ашылған автосалон иелеріне қатысты Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды.

Белгілі болғандай, схема клиенттер үшін тартымды көрінген: оларға автокөлікті «сатуға қоюды» ұсынып, жоғары баға мен он күн ішінде ақшаны қайтарамыз деп уәде еткен.

Алайда іс жүзінде көліктер автосалон атына қайта рәсімделіп, тез арада басқа өңірлерде сатылып кеткен. Ал көлік иелері уәде етілген ақшаларын ала алмаған.

«Біз оларға сендік, себебі салон ресми жұмыс істеді, кеңсесі де, маңдайшасы да болды. Ешкім мұндай алдауды күтпеді», – дейді жәбірленушілер.

Атырау облыстық полиция департаменті автосалон иелерінің ұсталғанын растады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысында келтірілген шығын көлемі анықталып, басқа тұлғалардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.