Logo
Іздеу
Айдарлар

Риддерде учаскелік полицей қызметтік көлікпен мотоциклшіні қағып кетті

/
Риддерде учаскелік полицей қызметтік көлікпен мотоциклшіні қағып кетті
Сурет: видеодан скрин

Риддер қаласының полицейі жүргізуші куәлігінсіз жүрген мотоциклшілерді ұстау барысында өзі жол ережесін бұзды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Екінші ауданға түсетін жолда ол қарсы бағытқа шығып, тұтас сызықты кесіп өтіп, үш мотоциклисттің бірін қағып кеткен.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік көліктің жылдамдығы төмен болғандықтан, мотоциклші жарақат алмаған.

– 16 тамыз күні Риддер қаласында учаскелік инспектор қызметтік автокөлікті басқара отырып, жол қозғалысы ережесін бұзған мотоциклшілерді тоқтатпақ болды. Алайда көлікті басқара алмай, олардың біреуімен соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ, – делінген ШҚО ПД хабарламасында. 

Мотоцикл жүргізушілері көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз айдағаны және маневр жасау ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Ал полицейдің өзі де жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылып, оның іс-әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру үшін қызметтік тексеріс тағайындалды.