Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматыда ер адам әйелін пышақтап өлтіріп, кейін өзі суицид жасады

/
Алматыда ер адам әйелін пышақтап өлтіріп, кейін өзі суицид жасады
Сурет: ашық дереккөзден

Қайғылы жағдай «Думан» ықшамауданында болды. Пәтерлердің бірінен 1987 жылы туған әйелдің пышақ жарақаттарымен денесі табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Syrmedia.kz мәліметінше, оқиғадан кейін әйелдің күйеуі Алматы облысындағы ағасына барған. Сол жерде ол қылмыс жасағанын айтып, өз-өзіне қол жұмсаған.

Бұл жағдайды Алматы полиция департаменті растады, деп мәлімдеді Halyqstan телеграм арнасы.

«Медеу аудандық полиция басқармасы кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс отбасылық жанжалдың салдарынан жасалған: ер адам жұбайына пышақ жарақатын салған. Кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Өзге мән-жайлар анықталуда», – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.