Logo
Іздеу
Айдарлар

Шымкентте мәслихат депутаты жалған нөмір таққаны үшін ұсталды (Видео)

/
Шымкентте мәслихат депутаты жалған нөмір таққаны үшін ұсталды (Видео)
Сурет: видеодан скрин

Шымкент полиция департаменті Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаев жол қозғалысы ережесін бірнеше мәрте бұзғаны үшін ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Kozachkov offside телеграм каналының мәлімдеуінше, депутатқа қатысты мынадай хаттамалар толтырылған: қарсы жолаққа шығу, көлікті қауіпсіздік белбеусіз жүргізу, сақтандырусыз жүру, артқа қарай қозғалу және маневр кезінде бұрылыс белгісін қоспау.

Ең бастысы — депутаттың «Лексус» көлігіне жалған мемлекеттік нөмір тағылғаны анықталды. «Үш жетілік» нөмірі бұл көлікке тіркелмеген.

Енді халық қалаулысына қатысты әкімшілік істер сотта қаралмақ. Жалған нөмір қолданғаны үшін оған 5 тәулікке дейін әкімшілік қамау және 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.

Полиция заң бәріне ортақ екенін, ешкімнің мәртебесіне немесе қызметіне қарамай қолданылатынын еске салды.