Logo
Іздеу
Айдарлар

Елге танымал спортшы тау басында сусыз, тамақсыз қалып қойып, көз жұмды (ФОТО)

/
Елге танымал спортшы тау басында сусыз, тамақсыз қалып қойып, көз жұмды (ФОТО)
pixabay.com

Жеңіс шыңында (Қырғызстан) ресейлік альпинист Наталья Наговицына қайғылы жағдайға тап болды. Ол 7200 метр биіктікте 11 күннен аса уақыт бойы –26 градус аязда, тамақ пен сусыз қалып қойған, деп Arasha.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқарушылардың айтуынша, альпинистің денесін эвакуациялау тек ауа райы түзелгенде мүмкін болады. Бұл үшін тікұшақтың 7 шақырым биіктікке көтерілуі қажет. Сондай-ақ Наговицынаны құтқаруға тырысқан италиялық альпинистің денесін алуға шыққан топ 4500 метр биіктіктен әрі аса алмай, төмен түсуге мәжбүр болған.

Экспедиция мүшесі Илья Храбровтың сөзіне қарағанда, шыңнан түсу кезінде бір альпинист тайып кетіп, Натальяны өзімен бірге іліп әкеткен. Соның салдарынан спортшы аяғын сындырып алған. Серіктестері оған биікте шатыр қалдырып, өздері тоңып-шаршағандықтан төмен түсуге амалсыз кеткен.

Айта кетейік, бұған дейін де Наговицына отбасында осындай қайғылы оқиға орын алған. Төрт жыл бұрын оның жұбайы Хан-Тәңірі шыңында көз жұмған еді. Ол биікте сал болып қалып, альпинист әйел соңына дейін қасында болғанымен, құтқарушылар ер адамды аман алып қала алмаған.