Logo
Іздеу
Айдарлар

"Енді таңдауға мүмкіндік бар": Асхат Аймағамбетов бар қазақты қуантатын жаңалығын айтты

/
"Енді таңдауға мүмкіндік бар": Асхат Аймағамбетов бар қазақты қуантатын жаңалығын айтты
Informburo.kz. Суретте: Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектеп формасына қатысты өз пікірін білдірді, деп Arasha.kz тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, 2021 жылдан бастап аз қамтылған отбасыларға мектеп формасы бойынша көмек көрсету мақсатында жаңа өзгерістер болған. Содан бері ата-аналарға мектеп формаларын сатып алуға байланысты жаңа мүмкіндік туған. 

"Мемлекет тарапынан мек­теп формасын алуға қолдау қарастырылған. Аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету үшін "Жалпыға бірдей білім беру" қоры арқылы арнайы механизм жұмыс істейді.

Бұрын мектеп формасын немесе киімді әкімдіктер белгілі бір сомаға сатып алатын. Алайда бұл тәсілдің бірқатар кемшілігі болды: көбіне бірдей фасон мен біртүсті киім тігіліп, сапасы төмен әрі өлшемі сәйкес келмей жататын. Балалар ондай киімді кигенде қысылып, оның бюджет есебінен алынғаны бірден бай­қалатын.

Сондықтан 2021 жылы біз бұл механизмді өзгерттік: кө­мекті монетизацияладық. Енді ата-аналарға қаражат картаға аударылады да, олар баласына не, қайдан сатып алу керегін өздері шешеді. Бұл – ыңғайлы әрі дұрыс тәсіл: сапасы мен бағасын салыстырып, шынымен қажет затты таңдауға мүмкіндік бар. Қазір мектепке дайындыққа кететін шығын айтарлықтай көбейгендіктен, сол кезден бері қолдау сомасы да өсті деп сенемін. Ең бастысы – көмекті тікелей ата-анаға беретін осы қағида сақталған", – деді Асхат Аймағамбетов.