Астанада Кабанбай батыр көшесінде болған жол апатынан зардап шеккен 14 адам жедел жәрдем арқылы көпсалалы қалалық стационарларға, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қоғамдық автобус жол жиегіне шығып кеткен. Оқиғаның мән-жағдайы анықталып жатыр.
«Кабанбай батыр көшесіндегі жол-көлік оқиғасы салдарынан 14 адам жедел жәрдем арқылы көпсалалы қалалық стационарларға және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілді. Қабылдау бөлімінде олардың барлығын бейінді мамандар қарап шықты. Кейбірі амбулаторлық емдеуге жіберілді, қалғандары әлі тексерістен өтіп жатыр», – деп мәлімдеді Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Мәлімет бойынша, зардап шеккендердің басым бөлігі жеңіл жарақаттармен түскен.