25 тамызда Талғарда «Хуторские» басшысы аталған Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот жалғасуда, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бүгін сотта айыпталушы Хасанның адвокаты Ерлан Мендешев процестің заң бұзушылықтармен өтіп жатқанын айтты. Ол судья Айнагүл Тұқабаеваға қарсылық білдіріп, істен шеттету туралы өтініш түсірді. Бұған дейін айыпталушы тарапы прокурор Назгүл Тәуекенбайды істен шеттетуге қол жеткізген еді.
Мемлекеттік айыптаушыны шеттеткенімен, судьяны шеттете алмады.
Таңертең журналистерді сот залына кіргізген жоқ. Бұған процестің қатысушыларының талабы себеп болды: олардың айтуынша, БАҚ өкілдерінің қатысуы куәгерлердің жауабына әсер етуі мүмкін.
Сол себепті журналистер сот барысын бөлек бөлмеде отырып, трансляция арқылы бақылап отыр.