Logo
Іздеу
Айдарлар

Сүйінші, ағайын! Асхат Аймағамбетов бар қазақты қуантатын жаңалығын айтты

/
Сүйінші, ағайын! Асхат Аймағамбетов бар қазақты қуантатын жаңалығын айтты
Sputnik / Санат Имангалиев. Суретте: Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазбасын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Онда ол педагогтармен өткізген кездесуін баяндап, қазіргі мұғалімдердің білімі мен деңгейі жоғары екенін атап өтті. Депутаттың айтуынша, кездесуге келген ұстаздардың бойынан кәсіби адалдық пен жаңашылдыққа деген ықыласты байқаған. Сондықтан да ол болашақтың жауапты жүгін арқалаған ұстаздарға үлкен сенім артатынын жеткізді.

"Мотивациясы жоғары, көзқарасы терең мұғалімдермен екі сағатқа жуық ашық диалог өткіздік. Олар Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстарындағы білім беру жобаларына қатысып жүрген ұстаздар. Барлығынан білімге деген адалдық, өзгеріске деген шынайы қызығушылық сезіліп тұрды.
Кездесуге "Teach for Qazaqstan" жобасының бірнеше түлегі де келіпті. Бұл бастаманы кезінде министрлікте жүргенде алғаш қолдағанымыз есімде. Сол уақытта нормативтік құжаттарға өзгеріс енгізіп, жобаның қатысушылары мектептерде ресми түрде жұмыс істей алатындай жағдай жасадық. "Білім саласына балама жолмен кіру" деген арнайы тәртіп әзірлеп, бағдарламаларға қойылатын ең төменгі талаптарды бекіттік.
Қазір сол қадамдардың нақты жемісін көріп отырмыз. Иә, бұл бастамалар әлі кең ауқымды қозғалысқа айналған жоқ, себебі олар меценаттардың қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Бірақ олардың салмағы мен әсері зор. Бұл мұғалімдер тек бос орындарды жауып отырған жоқ, олар мектептерге жаңа көзқарас, рух пен мәдениетті дамытып жатыр. Бұрын жаңа жоба деп қараған дүние- бүгін күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды.
Бүгінгі таңда мұғалім тек пән үйрететін маман емес. Жай ғана білім беріп қоймай, оны қолдануға, талдауға, сұрақ қоюға, күмәндануға, ой жүгіртуге үйрететін жетекші бола білуі керек. Осындай жобалар – еліміздің ертеңіне салынған шынайы инвестиция", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.