Logo
Іздеу
Айдарлар

Миллиардтық ажырасу: Кәрім Мәсімовтің қызы бұрынғы күйеуіне қарсы сотта жеңілді

/
Миллиардтық ажырасу: Кәрім Мәсімовтің қызы бұрынғы күйеуіне қарсы сотта жеңілді
Сурет: nege.kz

Мәскеуде ҚР ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің отбасына қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның қызы Тамила Кәрім бұрынғы күйеуі Азамат Қапеновтен құны шамамен 1 миллиард рубль тұратын Серебряный бордағы элиталық жер телімі мен үйді қайтарып алуға тырысқан. Алайда Мәскеудің Мещан соты Қапеновтың пайдасына шешім шығарды.

Сот материалдарында Қапенов пен Тамила Кәрім 2013 жылы үйленгені, екеуі де Ресей азаматы болғаны жазылған. Неке жылдарында олар Мәскеуден элиталық жылжымайтын мүлікке ие болған.

Айта кетерлігі, Қапенов Тамила Кәрімге үйленбей тұрып табысты кәсіпкер болмаған. Керісінше, 2009 жылы Алматыда продюсер Елтінжала Турғанәлиевті соққыға жыққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бірақ Мәсімовтің отбасына күйеу бала болғаннан кейін оның бизнес жолы күрт өрлеген.

Алайда олардың некелері ұзаққа созылмады.