Logo
Іздеу
Айдарлар

Трамп Соросты қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

/
Трамп Соросты қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі наразылық акцияларын қолдағаны үшін миллиардер Джордж Сорос пен оның ұлы Александрды қылмыстық жауапкершілікке тартуға шақырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның бұл пікірлері Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланды.

«Джордж Сорос пен оның радикалды-солшыл ұлы АҚШ аумағындағы зорлық-зомбылыққа толы наразылықтарды қолдағаны үшін RICO заңы бойынша (қылмыстық ұйымдар мен рэкетирлікке қарсы заң — ред.) жауапқа тартылуы тиіс», — деп жазды АҚШ президенті.

Трамптың айтуынша, АҚШ билігі «бұл жынды адамдарға Американы бөлшектеуге әрі қарай жол бермейді». Сондай-ақ ол Сорос пен оған көмектесіп жүрген «психопаттар тобы» елге зор зиян келтіргенін атап өтті.