Logo
Іздеу
Айдарлар

Шымкент МӨЗ-де екі адам қаза тапты

/
Шымкент МӨЗ-де екі адам қаза тапты
Сурет: ЖИ

Шымкент мұнай өңдеу зауыты аумағында автокөтергіштің құлауынан мердігер компанияның екі қызметкері мерт болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы 26 тамызда Қазақстан мұнай-газ қауымдастығының PetroCouncil телеграм-арнасы хабарлады. Мәліметке сәйкес, автокөтергіштің аударылуы салдарынан мердігер ұйым қызметкерлері қаза тапқан.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПКОП) аталған ақпаратты растады. Оқиға 26 тамыз күні сағат 14:30 шамасында болған.

«Жұмыс кезінде автокөтергіш аударылып, екі адам қаза тапты. Жұмысты мердігер ұйым – „КРС Астана“ ЖШС атқарған. Қаза болғандар осы компанияның оқшаулау жасаушылары еді. Қазір арнайы жұмыс тобы себептерін анықтап жатыр. Зауыт қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда. „ПКОП“ басшылығы марқұмдардың отбасыларына шынайы қайғырып көңіл айтады», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, тамыз айында Иван Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өмірін жалмаған апатқа байланысты басшылар мен инженерлік-техникалық құрам өкілдері сотталған болатын.