Logo
Іздеу
Айдарлар

Украинаның жаңа елшісі Тоқаевқа маңызды құжатты тапсырды

/
Украинаның жаңа елшісі Тоқаевқа маңызды құжатты тапсырды
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада сегіз мемлекеттің елшілерін қабылдап, олар президентке өз елдерін Қазақстанда ресми түрде таныстыруға құқық беретін сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тоқаевпен кездескен дипломаттардың арасында Украинаның жаңа елшісі Виктор Майко да болды. 

 Естеріңізге сала кетсек, Майко маусым айының соңында Астанада жұмысқа кірісті, ол кезде оның сенім грамотасының көшірмесін Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев қабылдаған еді. Бұған дейін ол дипломат Украина атынан Түркіменстанда қызмет атқарған. Қазақстандағы елші болып сәуір айының басында тағайындалған.

Жақында Украинаның Сыртқы істер министрлігінде Орталық Азиямен жұмыс жөніндегі басқарма құрылатыны белгілі болды. Басқарманың негізгі міндеттерінің бірі — Украина мен Орталық Азия арасындағы толыққанды диалогты қайта қалпына келтіру.

Осы уақытта Ресей Украинаға бомба жаудыруды жалғастыруда.