Logo
Іздеу
Айдарлар

Петропавлда сегіз жастағы бала эскалатордан құлап кетті

/
Петропавлда сегіз жастағы бала эскалатордан құлап кетті
Сурет: видеодан скрин

Оқиға 27 тамыз кешкісін сауда орталығында келушілердің көз алдында болған. Бала ағасымен бірге екінші қабатта жүрген, жанында ата-анасы болмаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Белгілі болғандай, балалардың бірі қозғалып тұрған тұтқышқа жармасып, кейін төменге құлап кеткен. Кадрлардан зардап шеккен баланың ес-түссіз жатқанын көруге болады. Ол жақ сүйегінен жарақат алғаны хабарланды.

Қазір полиция ата-ананы баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыруда.