Аягөз локомотив депосында жалпы сомасы 130 млн теңгеден астам дизель отынын ұрлау дерегі анықталды. Тексеру нәтижелері мен «ҚТЖ» АҚ-ның Абай облысы бойынша ЭДБ-ға жүгінуі негізінде қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Күдікті ретінде «Amanat» партиясынан Аягөз аудандық мәслихатының депутаты, ҚТЖ-ның жергілікті депо бастығы Алмас Жанатқалиев танылды.
Тергеу барысында жалған жұмысқа орналастыру фактілері де әшкереленді: кейбір адамдар штатта тіркелгенімен, нақты міндетін атқармай еңбекақы алып отырған. Бұл кәсіпорынға қосымша шығын келтірген.
Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жабылды.