Logo
Іздеу
Айдарлар

АҚШ-та өскен. Оралда ата-ана жоғалған қызымен 25 жылдан кейін қауышты

/
АҚШ-та өскен. Оралда ата-ана жоғалған қызымен 25 жылдан кейін қауышты
Сурет: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде АҚШ-та өскен қыздың Орал әуежайында өз туған ата-анасымен кездескен сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Мой город» басылымының жазуынша, 2000 жылы БҚО тұрғынына оның жаңа туған қызы қайтыс болды деп хабарлаған. Алайда 25 жылдан кейін сәбидің тірі екені анықталып, ол осы уақыт бойы шетелде басқа отбасында тәрбиеленгені белгілі болды. Қыз Қазақстанға асырап алған әкесімен бірге ұшып келіп, туғандарымен кездесті.

Көптен күткен бұл қауышудың кадрлары мыңдаған қаралым жинады. Видеоны бойжеткеннің апасы Айгүл жариялаған.

Бейнероликтегі мәліметке сәйкес, баланың жоғалуына қатысы бар болуы мүмкін деген үш дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалған.