Ауғанстанның шығысында магнитудасы 6,0 жер сілкінісі болды. Соңғы мәлімет бойынша, кемінде 250 адам қаза тауып, 500-ден астамы жараланған, деп хабарлайды Arasha.kz.
АҚШ Геологиялық қызметінің ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Нангархар провинциясындағы Джелалабад қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде орналасқан.
Жерасты дүмпулерінің ошағы небәрі 8 шақырым тереңдікте болғандықтан, қирату күші артты. Оқиғадан 20 минут өткен соң дәл осы өңірде тағы бір жер сілкінісі тіркелді – магнитудасы 4,5. Дүмпулерді Кунар таулы провинциясының тұрғындары да сезді.