Logo
Іздеу
Айдарлар

Өзбек шекарашылары Қырғызстанның екі азаматын атып өлтірді

/
Өзбек шекарашылары Қырғызстанның екі азаматын атып өлтірді
Сурет: ашық дереккөзінен

Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның екі азаматына оқ атты. ҚККБ дерегінше, оларды ұстау кезінде қойылған талаптарға бағынудан бас тартқан. Екеуі де оқтан қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.

«31 тамызда қаза тапқандардың туыстары оларды тану үшін Өзбекстанға шықты. Марқұмдардың денесі кейін сот-медициналық сараптама жүргізу үшін қырғыз тарапына берілді», – делінген Қырғызстан ҰҚКБ хабарламасында.

Сондай-ақ өзбек тарап қаза болғандардың мүлкін – үш жылқы мен шатырды қайтаруға дайын екені айтылды.