Logo
Іздеу
Айдарлар

Қарағанды облысында арнайы күзетші әріптесін атып өлтірді

/
Қарағанды облысында арнайы күзетші әріптесін атып өлтірді
Сурет: pixebay

Топар кентінде «ГРЭС» ЖШС нысанын күзету барысында арнайы күзет қызметінің қызметкері абайсызда табельдік қарудан әріптесін атып өлтірді. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«31 тамыз күні сағат 21:00 шамасында Топар кентіндегі «ГРЭС» ЖШС нысанын күзету кезінде қайғылы жағдай болды. Арнайы күзет қызметінің қызметкері абайсызда табельдік қарудан оқ атып, соның салдарынан оның әріптесі оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір алдын ала тергеу мен қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария ұетілмейді», – деп қосты департаментте.