Қазақстанда құны 150 млн теңгеден асатын, экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін ҚХР-да өндірілген жүк көліктерін заңсыз әкелу арнасы әшкереленді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Қадағалау органы жүргізген талдау барысында ел аумағына жалған құжаттар арқылы Қытайда өндірілген, экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін жүк көліктерін 150 млн теңгеден астам сомаға заңсыз әкелу арнасы анықталды», – делінген хабарламада.
Генпрокуратураның мәліметінше, қылмыстық істі Бас көлік прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеп жатыр. Қазіргі уақытта кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде.