Қаржылық мониторинг агенттігі Азамат Нұрғазинді қолдауға бағытталған әлеуметтік желілердегі ақпаратты заңсыз әрекетті ақтау деп бағалайтындарын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті «ОГНЕУПОРСНАБ» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемде техногендік минералдық түзілімдерді жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Бір жыл бойы компания Арқалық кен орнынан 7 мың тоннадан астам отқа төзімді саз балшықты заңсыз өндіріп, сатқан.
Айта кету керек, техногендік минералдық түзілімдерді өз бетінше өндіру мен жымқыру – бұл жәй азаматтық-құқықтық дау емес, бұл — Қазақстан халқының меншігі болып табылатын табиғи ресурстарды ұрлауға, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық және экологиялық мүдделеріне зиян келтіруге әкелетін қылмыстық әрекет.
«ЖШС директоры адвокаттың қатысуымен жауап алынды, оның құқықтары толық сақталған, қандай да бір мәжбүрлеу шаралары қолданылған жоқ», - деді ҚМА.
Бұған дейін Нұрғазин әлеуметтік желіде жүргізіліп жатқан тергеудің заңсыз екенін жазған болатын.