Logo
Іздеу
Айдарлар

Жомарт Ертаев рақымшылық бойынша босатылды

/
Жомарт Ертаев рақымшылық бойынша босатылды
Сурет: azh.kz

Бұрынғы банкир пробация қызметінің есебіне қойылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сот үкіміне сәйкес жазасын өтеп жүрген Жомарт Ертаевқа сот шешімі негізінде амнистия қолданылып, ол бостандыққа шықты, деп мәлімдеді Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК).

Ведомствоның нақтылауынша, сотталғандарға қатысты қарау және шешім қабылдау соттың құзыретінде. Сонымен қатар, Ертаевты бақылау және қадағалау үшін пробация қызметінің есебіне қойған.

Бастапқыда Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Кейін оған кесілген мерзім қысқартылды, алайда ол қайтадан сот алдында жауап берді. Бұл жолы ірі көлемдегі ұрлық істері бойынша – QazaqBanki-де 46 млрд теңге және "Еуразиялық банкте" 24 млрд теңге. Жаңа үкімдерге қарамастан, жалпы жаза мерзімі өзгермеді.

Жомарт Ертаев әр жылдары "Bank RBK" директорлар кеңесінің кеңесшісі, Мәскеудегі Еуразиялық қаржылық консалтинг орталығының (ЕЦФК) президенті, сондай-ақ "Алма-ТВ" ЖШС-нің бас директоры қызметтерін атқарған.