Logo
Іздеу
Айдарлар

Якутияның тәуелсіздігі туралы айтқан депутатқа қысым көрсетіліп жатыр

/
Якутияның тәуелсіздігі туралы айтқан депутатқа қысым көрсетіліп жатыр
Сурет: Якутия.Инфо

РФ Ил Тумен депутаты Александр Иванов «Жаңа адамдар» партиясының қысымына ұшырағанын айтып, билік оны шетелдік агент деп жариялауы мүмкін екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды Arasha.kz. 

Парламентарийдің айтуынша, оны Мәскеуге партия басшылығымен кездесуге шақырған. Алайда келіссөздің орнына оған ультиматум қойылған: фракциядан шығу және мандаттан өз еркімен бас тарту. Әйтпесе, оған қылмыстық қудалау қаупі бар екенін ескерткен.

Депутаттың сөзінше, мемлекеттік БАҚ-та оған қарсы науқан басталған. Оның пікірінше, мандатынан екі жолмен айыруы мүмкін: не экстремист деп тану арқылы, не «шетелдік агенттер» тізіміне енгізу арқылы.

«Әлбетте, екінші жолды таңдайтын сияқты», – деп атап өтті Иванов.