Logo
Іздеу
Айдарлар

"Неге туа бересіңдер?" – Қазақстанда бір мектепте 42 бірінші сынып ашылды

/
"Неге туа бересіңдер?" – Қазақстанда бір мектепте 42 бірінші сынып ашылды
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық желі қолданушылары 1 қыркүйекке орай тараған ерекше бейнежазбаны қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кадрларда ата-аналар күтпеген жағдайға куә болды: бір ғана мектепте қазақ әліпбиінің әріптерімен "А"-дан "Я"-ға дейін белгіленген 42 бірінші сынып қабылданған.

Желіде тараған видеоларға сүйенсек, мұндай көрініс тек осы мектепте ғана емес, елдің бірнеше өңірінде байқалған.

Интернет қолданушылары бұл жағдайды әзілдеп "карантинде туған балалар" деп атады. Алайда шын мәнінде, биыл мектеп табалдырығын алғаш аттағандар – 2018-2019 жылдары дүниеге келген бүлдіршіндер.

Айта кетейік, Қазақстанда карантин 2020 жылдың көктемінде енгізілген, сондықтан ол кезеңде туғандар мектепке тек 2026-2027 жылдары барады.

Бұл оқиға қоғамда қызу пікірталас туғызды: бір тарап демографиялық өсімге қуанса, екіншілері мектептер мен мұғалімдерге түсетін ауыртпалық жайлы алаңдаушылық білдірді.

"Он тоғыз 1-ші сынып, неге туа бересіңдер?", "Қазақтардың саны көбейсін", "Қазақша сыныпқа барса жақсы ғой", – деген пікірлер жазылды.