Logo
Іздеу
Айдарлар

Семейде педофил студент өмір бойына сотталды

/
Семейде педофил студент өмір бойына сотталды
Сурет: Getty Images

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2004 жылы туған заң факультетінің студентіне қатысты қылмыстық іс жабық отырыста қаралды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол 12 және 13 жастағы балаларға қатысты зорлау (ҚК 120-баптың 4-бөлігі) және сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін (ҚК 121-баптың 4-бөлігі) жасады деп айыпталды.

Сотталушы жәбірленушілермен телеграм-арна арқылы танысқан. Қылмыстар 2022 жылдың мамырында және 2025 жылдың қаңтарында Семейде жасалған.

Сотта мемлекеттік айыптаушы қылмыстар жиынтығы бойынша сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын, сонымен бірге педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты кез келген лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыруды сұрады. Жәбірленушілердің туыстары прокурордың ұстанымын қолдады. Ал айыпталушы кінәсін толық мойындамай, өзін ақтауды сұрады.

– Сот үкімімен Қ. кінәлі деп танылды және қылмыстар жиынтығы бойынша оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен бірге ол педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Жазасын өтеу аса қатаң қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде белгіленді, – деп хабарлады Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.