Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстан Президентінің Қытайға ресми сапары: екіжақты ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері

/
Қазақстан Президентінің Қытайға ресми сапары: екіжақты ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері
ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары өз мәресіне жетті. Сапар барысында ол Бейжіңде өткен VIII Қазақ-қытай іскерлік кеңесіне қатысып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде сөз сөйлеп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдетуге бағытталған маңызды келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай жаңа экономикалық, транзиттік, энергетикалық және технологиялық жобаларды жүзеге асыруға келісті.

Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің VIII отырысында тараптар 70-тен астам келісімге қол қойды. Жобалардың жалпы құны 15 млрд доллардан асады.
SEDIN қытай мемлекеттік компаниясының өкілі Тун Вэнькайдың айтуынша, бұл келісімдер Қазақстанға жаңа инвестициялар тартып, инфрақұрылымды дамытуға, өндірісті жаңғыртуға және жұмыс орындарын ашуға жол ашады. Қытай үшін – жаңа нарықтарға шығу мен аймақтық ықпалдастықты күшейтуге мүмкіндік.

Президент Тоқаев «Қытай – Еуропа» транзиттік дәлізінің өткізу қабілеті бес есеге артатынын атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, бұл Қазақстан үшін логистикалық хаб мәртебесін нығайтып, жаңа терминалдар мен қоймалар салуға мүмкіндік береді. Қытай үшін – тауар жеткізу уақытын қысқартып, шығындарды азайтуға жағдай жасайды. Екі ел бизнес-қоғамдастығы үшін ортақ логистикалық жобаларды іске асыруға жол ашылады.

Энергетика, органикалық өндіріс және жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобалар да назардан тыс қалмады. Бұл бастамалар:

  • энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
  • ауыл шаруашылығын жаңғыртуға;
  • жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытуға ықпал етеді.

Осының нәтижесінде білікті кадрлар даярланып, инновациялық шешімдер енгізіледі. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жобалар Қазақстан мен Қытайдың ғылыми-техникалық және экономикалық әріптестігін жаңа деңгейге көтермек.