Logo
Іздеу
Айдарлар

Өз қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

/
Өз қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
Сурет: pexels

Жамбыл облысының соты өз қызын зорлаған ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп айыпталған сотталушы Ж.-ға (ҚК-тің 121-бабы 4-бөлігі) қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен Ж. ҚК-тің 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сот материалдарына сәйкес, Қордай ауылында сотталушы мас күйінде 2019 жылы туған қызын зорлаған. Сотталушы кінәсін толық мойындады.

«Сот айыпталушының жасаған ісіне өкініш білдіргенін жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар – анықталған жоқ», - деп атап өтті сот.

Сонымен қатар, 5 млн  теңге көлемінде моральдық шығын өтемақы өндірілді.