Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстан Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жалған ақпарат тарады

/
Қазақстан Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жалған ақпарат тарады
Сурет: gov.kz

Бүгін кейбір  телеграм арналарда Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, бизнесмен Ғаджи Ғаджиев және ҰҚК-нің бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлері ұсталғаны туралы ақпарат тарады деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәселен, Orda.kz телеграм арнасы бизнесмен Гаджи Гаджиевтің де ұсталғанын жазды. Вице-премьер әрі сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді органдар ШЫҰ саммитінен келген соң үйінен ұстаған-мыс.

Көп ұзамай Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева бұл ақпараттардың жалған, фейк екенін мәлімдеді.

«Кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты расталмаған ақпарат таралуда.
Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет.
Көбіне расталмаған «хайп қуған» деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауы тиіс.
Әріптестерді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырамын. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламын», - деді министр.