Logo
Іздеу
Айдарлар

Перизат Қайрат пен анасының мүлкі аукционға шығарылады

/
Перизат Қайрат пен анасының мүлкі аукционға шығарылады
Сурет: ашық дереккөзден

Қайырымдылыққа жиналған миллиардтарды жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның мүлкі сатылымға шығарылмақ, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ulysmedia.kz сайтының жазуынша, бәссаудаға төрт пәтер, төрт қымбат автокөлік, бағалы әшекей бұйымдар мен брендтік заттар қойылады. Түсетін қаражат жәбірленушілерге келген шығынды өтеуге бағытталады.

ҚР ҚМА-ның төраға орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, тергеу барысында қаражатты иемденген басқа тұлғалар анықталмаған.

— Бұл ақша жеке үй, төрт пәтер және автокөлік сатып алуға жұмсалған. Барлық мүлік Перизат Қайрат пен оның анасының атына тіркелген, — деді ол.