Logo
Іздеу
Айдарлар

Өскеменде әйел көлігін басқара алмай, тұрғын үйге соғылды

/
Өскеменде әйел көлігін басқара алмай, тұрғын үйге соғылды
Сурет: видеодан скрин

Жол апаты 5 қыркүйек күні шамамен таңғы 9-да болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, Утепов көшесіндегі бес қабатты үйдің ауласында Subaru Forester автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, ғимаратқа соғылған. Соның салдарынан көлік аударылып кеткен. Оқиға куәгерлері жедел қызметтерді шақырған. Оқиға орнына құтқарушылар, полиция және жедел жәрдем келді.

ШҚО ТЖД хабарлауынша, әйел жүргізуші көліктің ішінде қысылып қалған. Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен багаж бөлігін ашып, зардап шегушіні шығарып алып, арнайы зембілге салып дәрігерлерге тапсырды. Жүргізуші тексеру үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Басқа зардап шеккендер жоқ.

– Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік басқару кезінде мұқият болуға, сондай-ақ жол және ауа райы жағдайына сай жылдамдық таңдауға шақырамыз. Әсіресе тұрғын үйлердің аулаларында сақтық таныту маңызды, өйткені мұнда қозғалыс шектеулі және жаяу жүргіншілердің кенеттен шығуы мүмкін, – делінген ШҚО полиция департаментінің хабарламасында.