Logo
Іздеу
Айдарлар

Туризм министрлігі блогер Жанәбіловтің курсын 30 мыңға сатып алып, көңілі қалған

/
Туризм министрлігі блогер Жанәбіловтің курсын 30 мыңға сатып алып, көңілі қалған
Сурет: видеодан скрин

Астанада блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты сот процесі басталды. Оған заңсыз лотерея ұйымдастырды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетінің өкілі ведомство блогердің «оқыту курсын» 30 мың теңгеге сатып алып, зерттегенін, бірақ оның ешқандай практикалық пайдасы жоқ деген қорытындыға келгенін мәлімдеді.

Жанәбіловтің 8,4 млн жазылушысы бар. Тергеу деректеріне сүйенсек, ол оларға курстар сатып, сондай-ақ Instagram парақшасында көлік, ақша және басқа да сыйлықтардың ұтысын ұйымдастырған. Жеңімпаздарды «сәттілік барабаны» арқылы анықтап отырған, ал бұл – лотерея белгілерін қамтитын схема.

Сотталушының өзі 30 мың теңгелік курсын шамамен 6 мың адам сатып алғанын айтты. Солардың арасында ол жұбайымен бірге бағалы сыйлықтарды ұтысқа қосуды жоспарлаған. Ал 11 автокөліктің бірін тек видеосын репост жасағандар арасында ойнатпақ болған.

Қорғаушы тарап процессуалдық бұзушылықтарды алға тартты. Адвокат Олег Черновтың айтуынша, оның қорғауындағы азаматқа түсініктеме беруге мүмкіндік берілмеген, қазақ тіліндегі материалдарға аудармашы ұсынылмаған және хаттамамен танысуға рұқсат етілмеген.

Соттың келесі отырысы 15 қыркүйекке белгіленді.