Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Мәсімовтың үйі Инклюзивті білім беруді дамыту орталығына берілді

Мәсімовтың үйі Инклюзивті білім беруді дамыту орталығына берілді
сурет: ҰҚК

Бұған дейін «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС (ҚАБК) бұл зәулім сарайды саудадан алып тастаған еді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұрын сотталған ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі болған зәулім сарай ресми түрде мемлекет меншігіне берілді.

ҚАБК хабарлағандай, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығына сәйкес аталған тұрғын үй ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК-ның балансына бекітілген.