6 қыркүйек күні Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатында төрт қазақстандық боксшы рингке шығады, деп хабарлайды Arasha.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ерлер арасында Бейбарыс Жексен (60 кг) мен Торехан Сабырхан (70 кг), әйелдер арасында Виктория Графеева (60 кг) және Надежда Рябец (75 кг) өнер көрсетеді.
Олардың жекпе-жектерін «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
Жекпе-жек кестесі:
- Күндізгі сессия (Астана уақытымен 15:00)
10-жұп (ринг B). Ерлер, 70 кг, 1/16 финал. Торехан Сабырхан — Юсеф Ислам Яиш (Алжир)
- Кешкі сессия (Астана уақытымен 22:00)
7-жұп (ринг A). Әйелдер, 60 кг, 1/16 финал. Виктория Графеева — Доньета Садику (Косово)
9-жұп (ринг A). Әйелдер, 75 кг, 1/16 финал. Надежда Рябец — Лина Ван (Қытай)
13-жұп (ринг A). Ерлер, 60 кг, 1/16 финал. Бейбарыс Жексен — Джунмилардо Огайре (Филиппин).
Бұған дейін World Boxing аясындағы әлем чемпионатының басталғаны хабарланған болатын. Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде-ақ бір спортшысынан айырылды.