Онда Ресей мен Қытай көшбасшылары адамның өмірін 150 жылға дейін ұзарту туралы сөйлескен, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қытайлық телеарна әуелі бұл видеоны пайдалануға рұқсат берген, кейін келісімін қайтарып алған.
«Қытай дәстүрінде ойды астарлап жеткізу қалыпты жағдай екенін ескерсек, Си төрағаның Путинге „біздің заманымызда 70 жастағы адам әлі бала“ деуі (екеуі де қазір 72 жаста) оның да, Путиннің де билікте мүмкіндігінше ұзақ уақыт қалуға дайын екендіктерін меңзеуі ықтимал…» – деп пайымдайды саясаттанушы Аркадий Дубнов.
Оның айтуынша, тағы бір нұсқа бар: қытай билігі Си Цзиньпинді жасарту үшін оған басқа адамның мүшесін салу мүмкіндігі туралы ойдың өзінен қауіптенуі мүмкін.