Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстан құрамасының масқара жеңілісінен кейін Әли Әлиев отставкаға кетпек

/
Қазақстан құрамасының масқара жеңілісінен кейін Әли Әлиев отставкаға кетпек
Сурет: ҚФФ

Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Бельгиядан ірі есеппен (0:6) ұтылғаннан кейін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойыны барысында отставкаға кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

— «Бәріне мен кінәлімін. Жеңіліс — менің жауапкершілігім. Толық өз мойныма аламын. Өтініш жазып, отставкаға кетемін, келген бойда президентке бірден жеткіземін», — деді Әлиев матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бес ойында бар болғаны үш ұпай ғана жинай алды. Әли Әлиевтің жетекшілігімен команда Бельгиядан бөлек, Уэльске (1:3, 0:1) және Солтүстік Македонияға (0:1) да есе жіберді. Ал жалғыз жеңісті топтағы басты аутсайдер саналатын Лихтенштейнге қарсы кездесуде (2:0) ғана тіркей алды.