Logo
Іздеу
Айдарлар

СҚО-да полицейлер тағы да жол апатына түсті

/
СҚО-да полицейлер тағы да жол апатына түсті
Сурет: polisia.kz

Көкшетау – Рузаевка республикалық тасжолында патрульдік қызметте жүрген Айыртау ауданының екі полицейі ұзақ бұрылыстан өте алмай, жол жиегіне түсіп кеткен. Оқиға таңғы сағат 5:55-те болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Екі тәртіп сақшысы түрлі жарақат алды. Жедел түрде орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, екеуі де есірткі не ішімдік қолданбаған. Зардап шеккендердің біріне алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді – оның жеңіл жарақаттары мен сызаттары ғана бар. Ал екінші полицей біраз уақыт ауруханада жатып емделмек. Ол Петропавлға жеткізілді. Қатты соққыдан қол саусақтары сынған әрі бас жарақатын алған. Қазіргі уақытта жағдайы ауыр.

Еске салсақ, бірнеше күн бұрын СҚО-да тағы екі полицей қызмет барысында жол апатынан қаза тапқан болатын. Олар да өз көліктерімен жол жиегіне түсіп кеткен. Кеше әріптестері мен туған-туыстары оларды ақтық сапарға шығарып салды.