Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Абдиров ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, прокурордың ұсталуына мас күйінде жанжал шығаруы себеп болған.
«Ақтау қаласының прокуроры, әділеттің аға кеңесшісі Ерболат Абдировты ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің ЛОП қызметкерлері Алматы әуежайында ұстады. Оқиға ол Астанадан ұшып келген рейстен кейінгі демалысы кезінде болған», – делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, Абдировқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу) және 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық: қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, азаматтарға тіл тигізу немесе басқа да қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.