Logo
Іздеу
Айдарлар

Кұлсарыда салынып жатқан мектептің шатыры құлады

/
Кұлсарыда салынып жатқан мектептің шатыры құлады
Сурет: әлеуметтік желіден

Оқиға Атырау облысында болды. Білім басқармасының дерегінше, мектеп «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында салынуда. Құрылыс аяқталғанға дейін бағдарламаға жауапты әкімші – Атырау облысының құрылыс басқармасы, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жергілікті тұрғындар жағдайды қызу талқылап жатыр. Көпшілігі: оқиға алаңдатқанымен, ғимарат пайдалануға берілмей тұрып болғаны жақсы дейді.

«Балалар ішінде болған кезде емес, қазір болғаны дұрыс. Бірақ шатырдың құрылыс кезеңінде-ақ шыдамай құлағаны — дабыл қағарлық жағдай. Біз балаларымыздың мұндай мектептерде қауіпсіз білім алатынына сенімді болғымыз келеді», — дейді Кұлсары тұрғындары.

Samruk-Kazyna Construction (жобаны іске асырудың бірыңғай операторы) алдын ала себепті атады.

«Алдын ала деректер бойынша, апатқа құрылыс материалдарын сақтау шарттарының бұзылуы себеп болған. Спорт залының шатырына, шектеулі аумаққа, мердігер алты тоннадан асатын ауыр шатыр материалдарын қойған. Соның салдарынан конструкцияда жергілікті зақымдану орын алған», — деп хабарлады Samruk-Kazyna Construction.

Құрылысты «Turan Ascent» ЖШС жүргізіп жатыр, нысанды 2025 жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған.

Басшылықтың, техникалық және авторлық қадағалаудың қатысуымен комиссия құрылды. Сонымен қатар, көтеруші конструкциялардың беріктігін және олардың жобалық шешімдерге сәйкестігін тексеру үшін арнайы техникалық сараптама ұйымы тартылды.

«Қорытынды шешімдер сараптамадан кейін қабылданады. Барлық анықталған кемшіліктерді мердігер толық жоюға міндетті», — деп қосты Samruk-Kazyna Construction.