Logo
Іздеу
Айдарлар

Жетісу облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

/
Жетісу облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Сурет: pixabay

Прокуратура Жетісу облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметінің жолы кесілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қылмыскерлер өздерін телефон арқылы банктің қауіпсіздік қызметкерлеріміз деп таныстырып, сенімге ие болып, азаматтарды ұялы телефонға «AnyDesk» қосымшасын орнатуға мәжбүрлеген, сол арқылы оларға қашықтан қол жеткізіп, басқаруды қамтамасыз еткен.

Содан кейін алаяқтар банк қосымшаларын пайдаланып, азаматтарға несие рәсімдеген. 

«Қылмыстық топтың әрекетінен еліміздің әр өңірінің 40-тан астам тұрғыны зардап шекті, келтірілген шығын көлемі 70 миллион теңгеден асты. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды», - деп хабарлады прокуратура.