Logo
Іздеу
Айдарлар

Мәжілісте анасын туған күнімен құттықтаған Назаров сынға қалды

/
Мәжілісте анасын туған күнімен құттықтаған Назаров сынға қалды
Сурет: Мәжіліс

10 қыркүйекте Мәжіліс отырысында депутат Ардақ Назаров сауал жолдамас бұрын бір минут көңіл бөлуді сұрады. Кенеттен ол анасын туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Залдағылар таңырқап қалды, ал кейбірі, реакциясына қарағанда, құттықтауды құптады.

«Бүгін менің анамның туған күні – ол 70 жасқа толды. Қымбатты анашым, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Мен сіздің мейірімді жүрегіңіздің жылуына, нұрлы жүзіңізге бөленіп өстім. Анашым, әкеммен бірге қос қанаттай болып, немерелеріңіздің қызығын көруді Алла нәсіп етсін. Сізді өте қатты жақсы көремін! Сізге басымды иемін. Барлық аналар аман-есен, дендері сау болсын», — деді Назаров.

Одан кейін қол шапалақтау естілді – шамасы, депутаттарға ризашыл ұлдың сөзі ұнаған сыңайлы.

Ал желідегі қолданушылар, керісінше, бұл әрекетті құптамады. Олар депутаттың төменгі палата отырысындағы мұндай қылығы орынсыз көрінгенін жазып жатыр.