Атом энергиясы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев АЭС салуға дайындықтың қазіргі кезеңі туралы айтып берді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Сәтқалиевтің айтуынша, қазір жоба аясында алғашқы конструкциялық бетонды құюға дайындық жүргізіліп жатыр. Бұл — көп инженерлік зерттеуді талап ететін ұзақ процесс.
Құрылыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және барлық нормаларды сақтау үшін бірнеше жыл қажет болуы мүмкін.
«Атом саласында бұны «алғашқы бетон» деп атайды. Нақты мерзімді жобалық зерттеулер ғана анықтай алады. Көп нәрсе жабдыққа, жобалау жұмыстарына байланысты. Ресейлік жоба бойынша 2029 жылға бағдар ұстап отырмыз», — деді Алмасадам Сәтқалиев.