Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстан компаниялары АЭС құрылысына қатысу мүмкіндігіне ие болады

/
Қазақстан компаниялары АЭС құрылысына қатысу мүмкіндігіне ие болады
Сурет: Рixabay

Атом энергиясы жөніндегі агенттік Үкіметпен бірлесіп атом электр станциясын салуға арналған локализацияны дамыту жөніндегі кешенді жоспар жобасын іске асыруға кірісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігінде өткен кеңесте қазақстандық кәсіпорындардың жобаға қатысуы, технологиялар трансфері, отандық өнеркәсіпті қолдау және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері талқыланды.

АЭС құрылысына жұмсалатын шығындардың едәуір бөлігі қосалқы нысандарға, инженерлік жүйелерге, материалдарға және сервистік қызметтерге тиесілі екені атап өтілді. Бұл отандық өндірушілер мен мердігерлерді тартуға мүмкіндік ашады.

Басты міндеттердің қатарында — өнеркәсіптік кәсіпорындарды атом саласының талаптарына дайындау, технологиялар трансферін ұйымдастыру, жергілікті өндірістік қуаттарды дамыту және тұрақты жұмыспен қамтуды қалыптастыру бар.

Маңызды қадамдардың бірі — атом энергетикасы үшін тауарлар, жұмыстар және қызметтер жеткізушілерінің арнайы тізілімін құру болмақ.