Logo
Іздеу
Айдарлар

Шымбұлақта аспалы жол тоқтап қалды

/
Шымбұлақта аспалы жол тоқтап қалды
Сурет: ТЖД

«Шымбұлақта» «Комби-2» аспалы жолы тоқтап қалды,  кабиналардан 20 адам құтқарылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан «Комби-2» аспалы жолы тоқтап қалды.

«Алматы қаласы ТЖД құтқарушылары, РОСО және курорт қызметкерлері альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен кабиналардан 20 адамды эвакуациялады, шамамен 100 қонақ Талғар асуынан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ», – делінген ведомство хабарламасында.

Алайда 100 адамның қалай эвакуацияланғаны министрлікте нақтыланбады. Қазір аспалы жол жұмыс істемей тұр, оқиға орнында мамандар желіні қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жақында ҚР ТЖМ жаңа ережелерді бекіткен болатын: енді қиын жететін аймақтарға сапар алдында туристер өз маршрутын құтқарушыларға хабарлауға міндетті.