Logo
Іздеу
Айдарлар

Депутаттар мен олардың аппаратына жұмсалатын шығын – 7,8 млрд теңге

/
Депутаттар мен олардың аппаратына жұмсалатын шығын – 7,8 млрд теңге
Сурет: Сенат

Қаржы министрлігінде депутаттардың жалақысына және онымен байланысты шығындарға қанша қаражат бөлінетіні айтылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Парламентті ұстауға кететін шығындар туралы қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты. Оның сөзінше, депутаттар мен аппарат қызметкерлерінің еңбекақы қоры жылына шамамен 7,8 млрд теңгені құрайды.

Қазір мәжілісте – 98, сенатта – 50 депутат жұмыс істейді.

«Бізде 148 депутат бар, олардың көмекшілері бар, көлік шығындары және басқа да қосымша шығындар бар. Барлығы санына байланысты 7,8 млрд теңге – бұл нақты депутаттарды (парламентті) қамтамасыз етуге кететін шығын», – деді Абзал Бейсенбекұлы.

Ол тұрғын үйге, қызметтік пәтерлерге немесе автокөліктерге кететін шығындар туралы нақты мәліметті материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы білетінін, ал қаржы министрлігі тек жалпы сандарды ғана айта алатынын атап өтті.

Вице-министрдің айтуынша, егер елде бір палаталы парламентке көшу жүзеге асса, депутаттар саны өзгеруі мүмкін.

«Мүмкін 120, мүмкін 140 болады, бәрі соған байланысты. Бұл сұраққа қазір нақты жауап бере алмаймын», – деді ол.

Бұған дейін Президент халыққа жолдауында Қазақстанда бір палаталы парламент құру мүмкіндігін атап өткен болатын. Ол бұл реформаның айрықша маңызды екенін және талқылау кем дегенде бір жылға созылатынын айтқан.