Logo
Іздеу
Айдарлар

Атырауда құрылыс басқармасы басшысының орынбасары ұсталды

/
Атырауда құрылыс басқармасы басшысының орынбасары ұсталды
Сурет: әлеуметтік желі

Облыстық ҰҚК департаментінің қызметкерлері Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының 33 жастағы орынбасары Талғат Бисенді ұстады, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, шенеунік кеше Құрманғазы ауданындағы іссапардан оралып, облыстық әкімдік ғимаратында ұсталған.

Дереккөздердің айтуынша, ол мердігер ұйым басшысынан пара алды деген күдікке ілінген. Шенеунікке қатысты ҚР ҚК-нің 367-бабы («Пара алу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақша берген ЖШС басшысы ҚР ҚК-нің 366-бабы («Пара беру») бойынша өтіп жатыр. Мердігер компанияның кеңсесінде және облыстық әкімдік ғимаратында тінту жүргізілген.

Қазіргі уақытта шенеунік ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған, алайда тергеу тарапынан бұлтартпау шарасын өзгертіп, оны уақытша ұстау орнына қамауға алу туралы өтініш берілмек.

Тергеу жалғасуда.