Logo
Іздеу
Айдарлар

Астаналықтарға өлім тілеген блогер жазаланды

/
Астаналықтарға өлім тілеген  блогер жазаланды
Сурет: ашық дереккөзден

Блогер Андрей Чеботаревке астаналықтарды балағаттап, оларға өлім тілегені үшін 20 АЕК (78,64 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында полиция қызметкерлері 52 жастағы блогердің Астана тұрғындарына, соның ішінде өлім тілеумен қатар, қорлайтын сөздер айтқан жарияланымын анықтады. Оның айтуынша, ол осылайша жол қозғалысы ережесін бұзатын жүргізушілердің әрекетіне наразы болған. Нәтижесінде жарияланым авторы ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды», — делінген Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Полиция сонымен қатар әлеуметтік желілерде және басқа да ашық мәлімдемелерде этика нормаларын сақтауға шақырды.

Еске салайық, 3 қыркүйекте полиция Астана тұрғындарына тіл тигізген жарияланымға қатысты тексеріс бастаған еді. Оның авторы қаржылық сарапшы Андрей Чеботарев деп көрсетілген.

Кейін қаржылық сарапшы Андрей Чеботарев астаналықтарды боқтап, оларға өлім тілегеннен кейін, жұртшылықтың ашуына жауап ретінде видео түсіріп, өзін «ақпараттық шабуылдың» құрбаны деп атады.