Logo
Іздеу
Айдарлар

Алакөл жағалауының шайылып кету қаупіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

/
Алакөл жағалауының шайылып кету қаупіне байланысты төтенше жағдай жарияланды
Сурет: gov.kz

Алакөл жағалауының шайылып кету қаупіне байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Абай облысының Мақаншы ауданы Қабанбай ауылдық округіндегі Алакөл демалыс аймағында орналасқан демалыс үйлерінің ғимараттарына, шаруашылық нысандарына залал келтіруі мүмкін жағалаудың шайылып кету қаупі туындауына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын», – делінген жергілікті әкімдіктің шешімінде.

10 қыркүйектегі шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және ол Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізілген.