Logo
Іздеу
Айдарлар

Бүгін 8 боксшымыз алтынға таласады

/
Бүгін 8 боксшымыз алтынға таласады
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар тарихи рекорд орнатып, бірден 8 спортшымыз финалға жолдама алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ерлер арасында ел намысын:

Санжар Ташкенбай (50 келі) – Баттулга Алдархишиг (Моңғолия)
Махмұд Сабырхан (55 келі) – Рафаэль Лосано Серрано (Испания)
Төрехан Сабырхан (70 келі) – Севон Окадзава (Жапония)
Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) – Джахонгир Зокиров (Өзбекстан) қорғайды.

Ал әйелдер арасында:

Назым Қызайбай (48 келі) – Минакши (Үндістан)
Алуа Балқыбекова (51 келі) – Бусеназ Чакыроглу (Түркия)
Аида Әбікеева (65 келі) – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
Наталья Богданова (70 келі) – Лекейша Перголити (Австралия) шаршы алаңға шығады.
Жекпе-жектердің барлығын қазақстандық жанкүйерлер "Qazaqstan" телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Қазақстан уақыты бойынша финалдық кездесулер кестесі:

16:00 – Әйелдер (48 келі): Назым Қызайбай – Минакши (Үндістан)

16:15 – Ерлер (50 келі): Санжар Ташкенбай – Баттулга Алдархишиг (Моңғолия)

16:45 – Ерлер (55 келі): Махмұд Сабырхан – Рафаэль Лосано Серрано (Испания)

22:00 – Әйелдер (51 келі): Алуа Балқыбекова – Бусеназ Чакыроглу (Түркия)

22:30 – Әйелдер (65 келі): Аида Әбікеева – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)

22:45 – Ерлер (70 келі): Төрехан Сабырхан – Севон Окадзава (Жапония)

23:00 – Әйелдер (70 келі): Наталья Богданова – Лекейша Перголити (Австралия)

23:45 – Ерлер (90 келіден жоғары): Айбек Оралбай – Джахонгир Зокиров (Өзбекстан)