Ленинград облысында бос цистерналар тіркелген тепловоз рельстен шыққанын облыс губернаторы Александр Дрозденко Telegram-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оқиға Лужск ауданы, Строганово – Мшинская аралығында болған.
«Рельстен 15 бос цистерна тіркелген тепловоз шығып кетті. Құрбандар жоқ. Пойыз қозғалысы екі бағытта да тоқтатылды. Он электричканың қозғалысы кідірді», – деп жазды аймақ басшысы.
Оқиға орнына Санкт-Петербургтен екі апаттық-қалпына келтіру пойызы жіберілген.
Дрозденконың айтуынша, тергеушілер диверсия нұсқасын тексеретін болады.