Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Түркістан облысында ұлы сабаған ер адамның мәйіті эксгумацияланды

Түркістан облысында ұлы сабаған ер адамның мәйіті эксгумацияланды
Сурет: видеодан скрин

Түркістан облысының Шардара ауданында өзінің ұлы соққыға жыққан қарт кісінің мәйіті эксгумацияланды. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Белгілі болғандай, 3 қыркүйекте ер адам қайтыс болған. Ол тірі кезінде дәрігерлердің бақылауында болып, жүрек гипертониялық ауруы және омыртқа остеохондрозы диагноздарымен есепте тұрған. Алайда алған жарақаттарына байланысты дәрігерлерге жүгінбеген.